Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды
Kauno Kolegija, Литва – 1 орын.
Байқауға тек мемлекеттік грантта білім алатын студенттер қатыса алатынын ескертеміз.
Қаржыландыру келесі тармақтарды қамтамасыз етеді:
Ұшу, Визалық алым, сақтандыру және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі белгіленген нормалар шеңберінде тұруға арналған шығыстар.
Бұл бағдарлама бойынша шетелдік жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантта оқитын және тәртіптік жазалары, қаржылық және академиялық қарыздары жоқ, GPA 3,30-дан жоғары бакалавриаттың 2 және 3 курс студенттері жіберілуі мүмкін.
Үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Мотивациялық хат
2. Транскрипт
3. Мәлімдеме
4. Тіл меңгеру сертификаты (ielts/toefl), жоқ болған жағдайда, мұғалімнің ағылшын тіліндегі растау хаты.
- Ағылшын тілі B2 деңгейі; жарамды сынақ сертификаты түрінде, растауымен.
- IELTS - 6.0 +.
- TOEFL- Internet-Based Test (iBT) 87 баллдан +, Computer-Based Test (CBT) 180 балл + Speaking Test (TSE) 50 баллдан кем емес. Paper-Based Test (PBT) 500 балл + Test of Written English (TWE) 3,5 балл + Test of Spoken English (TSE) 50 балл +.
5. Оқу кезінде алынған грамоталар, сертификаттар
6. Әлеуметтік қорғалмаған халық топтарының өкілі болған жағдайда, анықтама-растау
7. Төлқұжаттың көшірмесі
Басқа да қосымша сұрақтарыныз бойынша ХБК Халықаралық бөліміне (Бас әкімшілік корпус, 1 қабат, 4 офиске) хабарлассаңыз болады, inter.dep@kazgasa.kz
Байқау уақыты: 18.07.2024 - 24.07.2024