2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданатынын қуана хабарлаймыз. Халықаралық білім беру корпорациясы Erasmus + бағдарламасы негізінде Ла Сапиенца Рим Университетінле (Италия) оқуға арналған номинация конкурсына қатысу үшін 2 орын ұсынады.
Қатысу талаптары:
- Байқауға Сәулет факультетінің (СФ) студенттері қатыса алады.
- Бұл бағдарламаға 2 және 3 курс бакалавриат студенттері қатыса алады, олар қаржылық және академиялық қарыздары жоқ және GPA 3.5-тен жоғары болуы тиіс.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
10 сәуір. Оқу мерзімі 2025 жылы қыркүйектің солынан 28-ші ақпанға дейін жалғасады.
Минималды талаптар:
- Үміткер номинация кезінде бакалавриаттың кемінде бір толық оқу жылын аяқтаған болуы тиіс (2-3 курс студенттері).
- B2 деңгейіндегі итальян тілі, жарамды сертификатпен расталған:
CILS, CELI, PLIDA, CITA
немесе
- B2 деңгейіндегі ағылшын тілі, жарамды сертификатпен расталған:
- IELTS – 6.0+
- TOEFL: 94 балл+
Қосымша құжаттар:
- Паспорт көшірмесі
- Транскрипт (ағылшын тілінде)
- Мотивациялық хат
Erasmus + бағдарламасының шарттары туралы кеңес алу Халықаралық бөлімге хабарласыңыз (Бас әкімшілік ғимарат, 1 қабат, 5 кеңсе) немесе электронды пошта арқылы: inter.dep@kazgasa.kz.