Құрметті Халықаралық білім беру корпорациясының бакалавриат студентері!

Құрметті Халықаралық білім беру корпорациясының бакалавриат студентері!

от Пользователь Администратор -
Количество ответов: 0

Сіздерге 2024-2025 оқу жылына ҚР ҒжЖБ министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  байқау ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз.

Халықаралық білім беру корпорациясы Польша мемлекетіндегі Краков технологиялық университетіне 3 квоталық грант орындарын бөледі.

Байқауға тек мемлекет грантта білім алатын, қаржылық және академиялық қарызы жоқ, GPA көрсеткіші 3,30- дан жоғары және 2 немесе 3 курс студенттері қатыса алады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің белгіленген стандарттары шегінде ұшу билеттері, виза алымы, сақтандыру полисі және тұруға қаржыландыру қарастырылған.

Басқа да қосымша сұрақтарыныз бойынша ХБК Халықаралық бөліміне (Бас әкімшілік корпус, 1 қабат, 4 офиске) хабарлассаңыз болады, inter.dep@kazgasa.kz

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі - 15 сәуір, бір ай ішінде Краков университет үміткерлерді таңдайды, нәтижелері 15 мамырға дейін шығарылады. Оқыту 2024 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың ақпан айының ортасына дейін жалғасады.

Ең төменгі талаптар:

- ХБК-тан онлайн форма арқылы ресми номинация.

- Үміткер кандидатты тағайындау кезінде ХБК-да бакалавриатта кемінде 1 толық оқу жылын аяқтаған болуы керек, 2-3 курс студенті.

- жарамды сынақ сертификаты түріндегі растауымен ағылшын тілі B2 деңгейі.

IELTS - 6.0 +.

TOEFL- Internet-Based Test (iBT) 87 баллдан +, Computer-Based Test (CBT) 180 балл + Speaking Test (TSE) 50 баллдан кем емес. Paper-Based Test (PBT) 500 балл + Test of Written English (TWE) 3,5 балл + Test of Spoken English (TSE)  50 балл +.

Test of English for International Communication (TOEIC) – кемінде 700 балл.

Certificate in Advanced English (CAE).

First Certificate in English (FCE).