Microsoft 365

Microsoft 365

Пользователь Администратор - келді
Number of replies: 0

Құрметті біздің университеттің ұстаздары, студенттері және де қызметкерлері, бүгін біз сіздерді Microsoft 365 платформасымен таныстырғымыз келеді, сонымен қатар аутентификациядан қалай өту керектігін және де құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда, қалай қалпына келтіру керектігін көрсетеміз. 

Microsoft 365 дегеніміз не?

Microsoft 365 - бұлтқа негізделген өнімділікті арттыратын платформа. Мұнда жұмыс үшін және де әртүрлі тапсырмаларды орындау үшін барлық қажетті қолданбалар жинақталған, олардың көпшілігі сіздерге белгілі екеніне сенімдіміз - бұл Microsoft Teams, Word, Excel, PowerPoint, Outlook, OneDrive және де тағы да басқалары. 

Бұл платформаның артықшылығы - сіз өзіңіздің барлық файлдарыңызды, барлық құжаттарыңызды, көлемін 1 ТБ құрайтын OneDrive бұлтты қоймасында сақтай аласыз, соның арқасында сіз кеңседе ғана емес, кез-келген жерде жұмыс істей аласыз, өйткені авторизация үшін логин мен парольдың болғаны жеткілікті. Сіз сондай-ақ компьютер арқылы ғана емес, ноутбук, планшет, және де мобильді құрылғы арқылы да кіре аласыз.

Бұдан бөлек, сіздің барлық құжаттарыңыз, файлдарыңыз және бейне файлдарыңыз сенімді түрде қорғалады, басқа адамдарда оларды көру немесе өңдеу мүмкіндігі болмайды. Егер сіз файлдарыңызбен басқа адаммен бөліскіңіз келсе, онда бұл адамға сіздің рұқсатыңыз талап етіледі, оны файлдарды жіберу барысында өңдеуге болады. 

Аутентификациядан қалай өту керек? 

Сіз біздің университеттің ұстазы, студенті, қызметкері болғандықтан, сіздерде дайын логин мен пароль бар, олар алдын ала сіздерге жіберілген болуы керек. Осы деректердің арқасында сіз платформадағы қолданбалардағы барлық құралдарға тегін қол жеткізе аласыз.

Қазір, сіз, Microsoft 365 платформасында, аутентификациядан өту арқылы өз номерлеріңізді қалай сақтау керектігін, және де өз номерлеріңіз арқылы құпия сөзді, парольді қалай қалпына келтіру керектігін бейнежазбадан көре аласыздар. Көру үшін осы сілтемені басу жеткілікті - > https://mokkz-my.sharepoint.com/:v:/g/personal/a_otkelbay_mok_kz/EaQ8t8XTEUdNpKTu6CjVxBYBr4dxMBeapUFj67UnxpbOAg?e=ZqMSlk