Халықаралық білім беру корпорациясының бакалавриат студенттері!

Халықаралық білім беру корпорациясының бакалавриат студенттері!

by Хамит Рауан -
Number of replies: 0

2024-2025 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылданатынын қуана хабарлаймыз. Халықаралық білім беру корпорациясы өзін-өзі қаржыландыру негізінде Честохов политехникалық университеті (Польша) оқуға 5 орын бөледі.

 

Қатысу талаптары:

- Байқауға Құрылыстық технологияр, инфрақұрылым және менеджмент) факультеті (ҚТИМФ) және Жалпы құрылыс факультетінің (ЖҚФ) студенттері қатыса алады.

- Бұл бағдарламаға 2 және 3-курс бакалавриат студенттері қатыса алады, олар қаржылық және академиялық қарыздары жоқ және GPA 3.5-тен жоғары болуы тиіс.

 

Қаржыландыру:

Оқу үдерісі университеттер арасындағы екіжақты келісімге сәйкес академиялық бағдарламаның құнын қамтиды. Барлық басқа шығындарды, оның ішінде Ауе рейс билеттері, виза төлемдері, медициналық сақтандыру және тұру шығындарын студенттер өздері төлейді.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі:

27 желтоқсан. Оқу мерзімі 2025 жылғы ақпаннан маусымға дейін жалғасады (Нақты оқу мерзімі таңдалған пәндерден тәуелді).

 

Минималды талаптар:

- Үміткер номинация кезінде бакалавриаттың кемінде бір толық оқу жылын аяқтаған болуы тиіс (2-3 курс студенттері).

- B2 деңгейіндегі ағылшын тілі, жарамды сертификатпен расталған:

  - IELTS - 5.5+

  - TOEFL: iBT - кем дегенде 87 балл, CBT - кем дегенде 180 балл + TSE кем дегенде 50 балл, PBT - кем дегенде 500 балл + TWE кем дегенде 3.5 балл + TSE кем дегенде 50 балл

  - TOEIC - кем дегенде 700 балл

  - CAE немесе FCE сертификаты

 

Қосымша құжаттар:

- Паспорт көшірмесі

- Транскрипт (ағылшын тілінде)

- Мотивациялық хат

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық бөлімге хабарласыңыз (Бас әкімшілік ғимарат, 1 қабат, 5 кеңсе) немесе электронды пошта арқылы: inter.dep@kazgasa.kz.